Қазақстанда су нысандарының бірыңғай цифрлық базасы құрылды

Қазақстанда су нысандарының бірыңғай цифрлық базасы құрылды

Қазақстанда 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 37-сін реконструкциялау жоспарланған. Президент тапсырмаларын орындау аясында елде су саласын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ 4 жыл ішінде 14,5 мың шақырым суару арнасын жаңарту көзделген. Сонымен қатар су үнемдеу технологиялары енгізіліп, су тасқыны мен құрғақшылықты болжау жүйелері жетілдіріліп, ғылыми база нығайтылуда. Саланы цифрландыруға да ерекше мән беріліп отыр. Бейінді ведомстваның мәліметінше, сандық жүйеге көшудің негізінде Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесі құрылады. Ол су нысандары, инфрақұрылым, су пайдаланушылар және жерасты сулары туралы мәліметтерді біріктіріп, саланы басқаруға арналған бірыңғай ақпараттық база қалыптастырады. Жүйеге қазірдің өзінде 23 мың су нысаны туралы ақпарат енгізілген. Автоматтандыру жұмыстары суару желілерін де қамтиды. Елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 857 шақырым болатын 103 арнаны цифрландыру жұмыстары қолға алынды.


Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

 – Мемлекет басшысының су саласындағы тапсырмаларын іске асыру стратегиялық және нормативтік базаны қалыптастыру кезеңінен инфроқұрылымды ауқымды жаңғырту және су ресурстарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу кезеңіне өтті. Келесі кезеңнің негізгі міндеті жоспарлы көрсеткіштердің нақты нысандарын уақтылы аяқтауға көшу және су қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, экономика мен ел халқы үшін тұрақты практикалық нәтижеге қол жеткізу.     

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?