Қазақстанның шекара инфроқұрылымының өткізу қуаты 2,5 еседен астам артты. Бұл соңғы үш жылда өткізу пунктерін жаңғыртудың нәтижесі. Елдегі автомобиль пункттерінің өткізу қабілеті жылына шамамен 2 млн-нан 5 млн-ға дейін артты. Сонымен қатар жүк көліктерін рәсімдеу уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. Бұған салаға ендіріліп жатқан цифрлық шешімдер оң әсерін тигізуде. Бұдан бөлек теміржол саласында да Қытай – Қазақстан – Орталық Азия бағыты бойынша транзиттік декларацияларды автоматты түрде басып шығару тетігі жүзеге асырылуда. Бұл рәсімдеу уақытын 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартады деп күтілуде. Жалпы еліміз арқылы жүк тасымалын одан әрі жеделдету үшін «жасыл дәліз» қағидаты енгізілуде. Келесі кезең-жүктерді ресімдеу кезінде серіктес елдердің экспорттық және транзиттік декларацияларының деректерін автоматты пайдалануды көздейтін «кедергісіз транзит» жобасы болмақ.
Ғабит Оразов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау департаментінің директоры:
– KEDEN ақпараттық жүйесі іске қосылған болатын. Оның тұрғысында алдын-ала ақпараттандыру модулі іске асырылып, бүгінде сыртқы экономикалық қатысушыларға немесе тасымалдаушыларға құжаттарын бекетке келмес бұрын алдын-ала ұсыну мүмкіндігі қарастырылып, кейін автокөлікпен бекетке келген жағдайда кедергісіз өту мүмкіндігі қарастырылған. Бұл қазір жұмыс жасап тұр. Өткізу пунктіндегі басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы ақпараттық жүйеде жұмыс атқарады, демек «бір терезе» қағидаты бойынша.

