Қазақстанда мектеп бағдарламасы жаңа Конституцияға негізделіп жаңартылды

Қазақстанда мектеп бағдарламасы жаңа Конституцияға негізделіп жаңартылды

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда оқу бағдарламалары жаңартылады. Білім беру стандарттары Жаңа Конституцияға сәйкес келтірілді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Астанада өткен Үкімет отырысында хабарлады. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, 5-7 сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні, ал 8-11 сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» міндетті оқу курсы енгізіледі.  Бұдан бөлек, 5-11 сынып оқушылары «Жеке қауіпсіздік» курсын оқиды, ал «Құқық негіздері» енді міндетті пән болады. Тағы бір маңызды өзгеріс - орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы аясында республиканың бірнеше өңірінде арнайы пилоттық жоба іске қосылады.


Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:


- 2026-шы жылғы 1-ші қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарында 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында пилоттық жоба іске қосылатын болады. Жалпы пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Ал 2029-шы жылға қарай барлық 2 мың 660 шағын жинақты мектепке маштапталатын болады.   


Қазақстанда студенттің цифрлық экожүйесі қалыптастырылуда

Жасанды интеллект Қазақстан мектептерінде ғана емес, жоғары білім беру жүйесіне  де белсенді енгізіліп жатыр. Бұл ретте студенттің бірыңғай цифрлық экожүйесі қалыптастырылуда. Оның аясында оқуға түсуден бастап диплом алуға дейінгі барлық үрдіс біріктіріледі. Қазірдің өзінде ҰБТ-ның электронды сертификаты, AI-прокторинг және AI-Talapker сервистері қолжетімді. Алдағы уақытта AI-Admission, AI-Onboarding, AI-Library, AI-психолог сияқты озық шешімдерді іске қосу жоспарланып отыр. Қазақстандық студенттердің өздері де АІ- агенттерін әзірлеп жатыр. Мәселен, AI-Sana бағдарламасы аясында 440-тан астам осындай бастама қолға алынған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?