Қазақстан тарихи мұраның цифрлық архивін әзірледі

Қазақстан тарихи мұраның цифрлық архивін әзірледі

Қазақстандағы тарихи ескерткіштердің бірыңғай электронды базасы әзірленді. Көне нысандарды зерттеу жұмыстарында ғалымдар цифрлық деректерді, лазерлік сканерлер мен ескерткіштерді 3D және 5D форматтарында қайта қалпына келтіру технологияларын қолданған. Бұл тәсілдер ежелгі тас дәуірінен бастап 19–20 ғасырларға дейінгі қоныстарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының 35 жылдығына арналған II Халықаралық археологиялық симпозиумда айтылды. Жиында Қазақстандағы тарихи зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануы талқыланды. Оған Орталық Азия, ТМД, Еуропа елдерден 150-ден астам зерттеуші келген.

Әсемгүл Қасенова, Ә.Марғұлан атындағы археология институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары:

- Әр кезең бойынша әлемнің түкпір түкпірінен ғалымдарды шақырдық. Қазіргі таңда Америкадан көршілес Ресей, Өзбекстан тәрізді мемлекеттердің өкілдері Әзірбайжаннан ғалымдар келіп отыр. Олармен тікелей бірге жұмыс істеп жатырмыз. Ол дегеніміз Еуразия кеңестігінде тарихымызды бірге зерттеу. Тас дәуірін әлемдік деңгейде қарастырып жатырмыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?