Батыс Қазақстан облысының өңірлік жалпы өнім көлемі 5 трлн теңгеге жетті

Батыс Қазақстан облысының өңірлік жалпы өнім көлемі 5 трлн теңгеге жетті

Батыс Қазақстан өңірі 2025 жылы 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартты. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 16% астамға көп. Қазақстан Президенті облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысының өңірлік жалпы өнім көлемі үш жылда 13% астамға ұлғайып, 2026 жылдың 1 қаңтарында 5 трлн теңгеге жетті. Өңірде жуырда Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр газ өңдеуге қауқарлы зауыт құрылысы басталады. Сондай-ақ жыл соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жаңадан салынған және жаңғыртылған төрт теміржол вокзалы ел игілігіне берілді. Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу бекеті қайта жаңғыртылып жатыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?