Қазақстан теміржол инфроқұрылымын жаңғыртуда

Қазақстан теміржол инфроқұрылымын жаңғыртуда

Соңғы бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол жолы салынды және жаңғыртылды – бұл шамамен алдыңғы үш онжылдықтағыдан екі есеге көп. Транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жетті, ал саланың кірісі 3 трлн теңгеден асты. Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар, Аягөз – Бақты жаңа желілерінің құрылысы, сондай-ақ қолданыстағы желіні жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы үш жыл ішінде тағы 2 мың шақырымнан астам теміржол салу және жаңғырту қарастырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен теміржол вокзалдарын реконструкциялау бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 100 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жуырда жаңартылған бес вокзал ашылды. Атап айтқанда, Абай облысындағы Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл станциялары, ал Ақтөбе облысында Ембі қаласындағы вокзал жаңғыртылды. Онда ғимараттар мен инженерлік желілер жөнделіп, қажетті алаңдар мен перрондар ұлғайтылып, жаңа платформалар орнатылды.


Мақсат Қалиақпаров, ҚР көлік вице-министрі:

- Жаңа теміржол желілерінің құрылысы жалғасуда, локомотив және вагон паркі жаңартылуда. Сондай-ақ 124 теміржол вокзалын қайта жаңарту бағдарламасы іске асырылуда. Вокзалдарды жаңғырту аясында архитектуралық келбеті, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын талапқа сай етіп жөндеу көзделген. Жолаушыларға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін заманауи құралдар мен кедергісіз өту элементтері енгізілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?