Қазақстан мен Тәжікстан цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Тәжікстан цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласында Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда. Астанада Тәжікстаннан келген 15 мемлекеттік қызметкерге арналған оқыту семинары басталды. Оны Қазақстандық KazAID халықаралық даму агенттігі мен Ұлттық ақпараттық технологиялар және Тәжікстанның сандық негіздер жобаларын іске асыру орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бір апта ішінде мамандар цифрлық трансформация саласындағы қазақстандық тәжірибені, электрондық үкіметті дамытуды, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздік және заманауи IT-шешімдерді енгізу мәселелерін зерделейді. Бағдарлама сондай-ақ сарапшылармен кездесулер, елорданың жетекші цифрлық орталықтарына бару және еліміздің негізгі сандық жобаларымен танысуды қамтиды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімділігін дәлелдеген шешімдерімен бөлісуде.


Жандос Асанов, «KazAID» халықаралық даму агенттігі басқарма төрағасының міндетін атқарушы:


- Қатысушылардың барлығы мемлекеттік қызметкерлер, Тәжікстан Республикасының түрлі агенттіктері мен институттарының өкілдері. Олар Қазақстан Республикасына арнайы мақсатпен келді, Астанада цифрландыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесін үйреніп, зерделеуді мақсат тұтып отыр. 2023 жылы Қазақстан e-GOV бағдарламалық жасақтамасын, яғни өзінің бағдарламалық шешімін Тәжікстан Республикасына берген болатын – сондықтан бұл шараны осы әріптестіктің жалғасы деп түсінуге болады. Бұл біздің серіктес елдердің Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін мойындап, оны игеруге күш салып отырғанын көрсетеді.


Дина Кхера, Ұлттық ақпараттық технологиялар өнімдерін ілгерілету департаментінің директоры:


- Біз 25 жылдан астам уақыт бойы жинақталған тәжірибемізбен мақтанышпен бөлісіп отырмыз. Біздің үкіметіміздің нақты жұмыс істейтін цифрлық шешімдері бар, сондай-ақ азаматтарымыз Қазақстанда және Қазақстаннан тыс жерлерде ең озық тәсілмен мемлекеттік қызметтерді пайдаланып, едәуір әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткіздік. Сондықтан біз өзіміздің тәжірибемізбен бөлісіп, көршілерімізге және өзге де елдерге осы технологияларымызды ұсына аламыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?