Қазақстан Президенті «Атлетико Мадрид» клубының бас директорын қабылдады

Қазақстан Президенті «Атлетико Мадрид» клубының бас директорын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев испандық «Атлетико Мадрид» футбол клубының директоры Мигель Анхель Хиль Маринмен жүздесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев озық тәжірибені терең зерделеуге және оны қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісінде пайдалануға мүдделі екенімізді атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан заманауи футбол инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламасына инвестиция құйып жатыр. ФИФА-мен бірге барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам футбол алаңын салу жұмысы қолға алынған. «Атлетико Мадрид» клубының бас директоры елімізде футболды қолдауға ерекше назар аударғаны үшін Президентке ризашылығын жеткізді. Ол Алматы облысындағы «Атлетико Мадрид» академиясы келешекте үздік оқу-жаттығу кешендерінің бірі болатынын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Хиль Маринді Қазақстанда футболдың дамуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?