Қалжыр қалашығы көне түркі тарихын түгендейді

Қалжыр қалашығы көне түркі тарихын түгендейді

Шығыс Қазақстанда табылған көне Қалжыр қалашығы Бірінші Түрік қағанаты дәуірінде аймақ билеушілердің біріне орда болған. Мұндай болжамды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологтары Зайсан қазаншұңқырында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде жасап отыр.

Радиокөміртектік талдау нәтижелері ескерткіштің VI–VII ғасырларға тиесілі екенін аңғартады. Қазба барысында қыш бұйымдар, өрнекті сылақ сынықтары, әшекейленген ыдыстар және ішінде сылдырмағы бар ерекше құс мүсіншесі табылған.

Жалпы қалашықтың аумағы 25 гектардан асады. Құрылымы жағынан Қалжыр Қазақстандағы басқа белгілі көне қалашықтардан ерекшеленеді. Оған ұқсас тарихи қоныстар Моңғолия мен Тува аумағында кездеседі. Ғалымдар оның әкімшілік орталық болғанын алға тартады. Себебі қалашықтың аумағы үлкен, ал мәдени қабаты жұқа келеді. Қазір мамандар табылған жәдігерлерді жан-жақты зерттеуде. Терең талдаулар қалашықтың нақты мерзімі мен тарихи маңызын анықтауға көмектеседі.

Никита Константинов, ҚАЗҰУ Археология, этнология және музеология кафедрасының доцент-зерттеушісі, экспедиция жетекшісі:

- Жалпы бұл ескерткіштің уақытын анықтау Орталық Азия археологиясы мен Еуразия далаларын зерттеу үшін маңызы өте зор. Себебі VI ғасырдың екінші жартысы мен VII ғасырдың басына жататын мұндай ескерткіштер бұған дейін белгілі болмаған. Сондықтан бұл тарихи олжаны бірегей көне нысан деп сеніммен айта аламыз. Шын мәнінде өте маңызды жаңалық. Түрік қағанатының тарихын түгендейтін құнды жәдігерлер табылды.  Себебі бұл  - өзін түрік деп атаған халық құрған алғашқы қағанат.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?