Қазақстан мен Түркия Президенттері келіссөздер жүргізді

Қазақстан мен Түркия Президенттері келіссөздер жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды.

Кейін мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтып, барша түрік халқын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге ниетті екенін растады. Тараптар мәңгі достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан Президенті Мемлекеттеріміздің арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ екенін тілге тиек етті. Елдер екіжақты және халықаралық деңгейде үнемі бір-біріне қолдау көрсетеді. Сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда ауқымды жобалар табысты жүзеге асырылуда. Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Елдер өзара тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізуге ниетті. Сонымен қатар келіссөздер барысында көлік-логистика, энергетика, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?