Қ. Тоқаев: Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы керек

Қ. Тоқаев: Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды. Бұл сала – еліміздің дамуына серпін беретін маңызды факторлардың бірі. Әсіресе, әлемдік логистика ауқымды трансформация мен жедел даму кезеңін бастан өткеріп, теңіз жолдарының осалдығы құрлықтағы көлік дәліздерінің стратегиялық маңызын арттырған қазіргі жағдайда Қазақстан осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы керек, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазірдің өзінде Қытайдан Еуропаға бағытталған жүк тасымалының шамамен 85 пайызы еліміздің аумағы арқылы өтеді. Алайда Мемлекет басшысы мұнымен шектелуге болмайтынын айтты. Қазақстан халықаралық жүк ағындарын ұйымдастыратын толыққанды орталыққа айналуы қажет. Осы мақсатта Президент отандық логистикалық операторларды дамытуды, жүктерді шоғырландыру және тарату орталықтарын құруды, сондай-ақ ірі көлік тораптарының айналасында жаңа өндіріс орындары мен сауда алаңдарын қалыптастыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді. Келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 млн тоннаға артады. Тамыз айында «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады. Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?