Қазақстан Үкіметі отандық автоөнеркәсіпті қолдауды күшейтуде

Қазақстан Үкіметі отандық автоөнеркәсіпті қолдауды күшейтуде

Қазақстан автомобиль өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басып, оны экономиканың жоғары технологиялық салаларының біріне айналдыруды көздеп отыр. Соңғы 5 жылда бұл салаға 457 млрд теңге инвестиция тартылды. Автокөлік өндірісі бастапқыдағы 3 мың көліктен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 170 мыңнан астам көлікке дейін өсті. Оң динамика биыл да сақталмақ. Мәселен, алғашқы алты айда 94 мыңнан астам автокөлік өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға артық. 2026 жыл соңына дейін 190 мың көлік шығару жоспарланған. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инженер кадрларды даярлауды, заңсыз автокөлік тасымалының жолын кесуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауды, сондай-ақ автокомпоненттер өндірісін дамытуды, электрлі көліктерді қуаттау станциялары желісін кеңейтуді және электромобильдерге арналған аккумулятор шығару жобаларын қолдауды тапсырды.


Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:


– Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сәйкес 2030 жылға қарай электромобильдердің әлемдік сатылымдағы үлесі 40 пайыздан асады. Жаһандық автоөнеркісіп саласы да электрлі жүк көліктерін белсенді пайдалануға көшуде. Бүгінде еліміздің негізгі күре жолдарының бойында электр көліктерін қуаттайтын 70-ке жуық станса жұмыс істеп тұр. Жақында «Car Park Transformer» компаниясымен 2030 жылға дейін жол бойында сервистік қызмет көрсетуге арналған 250 станциялар салу бойынша инвестициялар туралы келісім бекітілді. Алдағы уақытта да жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тиісті инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?