Астананың жасыл белдеуі екі есеге жуық ұлғаяды

Астананың жасыл белдеуі екі есеге жуық ұлғаяды

Астананың жасыл белдеуі алдағы жылдары екі есе ұлғаяды. Әуелі елорданың жасыл қорғанында мамандар ғылыми сынақтар жүргізеді. Одан кейін жобалау, аумақты белгілеу ісі қолға алынбақ. Содан соң барып, көшет егу басталады. Мамандардың айтуынша, мұның бәріне шамамен бес жылдай уақыт қажет. Бір кездері бұл жер жазық дала еді. 90-жылдардың соңынан бері  15 мың гектарға жуық аумақ жасыл алқапқа айналды. Нәтиже бар. Жасыл белдеудің арқасында шаңды дауыл үш есе азайған. Әу бастағы мақсат – бас шаһардың құбылмалы ауа райын тұрғындарға жайлы ету еді.


Ардақ Хасенов, «Астана орманы» ЖШС бас агрономы:

- Оңтүстік-батыс бөлікте жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын веложол салынды. Атпен серуендеуге де мүмкіндік жасалып, 2020 жылы ұзындығы 13 200 метр жол төселді. Қазір міне, осындай әдемі шыршалар, қайыңдар, қарағайлар өсіп тұр. Осылайша 26 жыл бұрын қолдан егілген алқаптың бүгінде өз тіршілігі қалыптасып келеді.


Бүгінде мұнда ағаштың 36 түрі жайқалып өсіп тұр. Жасыл желек көбейген сайын жануарлар дүниесі де жандана түскен. Алдымен қояндар пайда болды. Кейін түлкі мен қарсақтар мекендей бастады. Қазір мұнда елік, тіпті бұғы да кездеседі. Қанатбек Саметовтың тағдыры табиғатпен тамырлас. Ол «Жасыл белдеуде» орманшы болып еңбек етеді. Әр ағаштың түрін біледі, алқапты өрт пен өзге де қауіптен қорғайды.


Қанатбек Саметов, орманшы:

- Ауа бәрі таза орманың, өскеннен бері жақсы болды қазір. Денсаулыққа да жақсы. Жаяу жүреміз орман іші жақсы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?