Жыл басынан бері 7 миллионнан астам ел азаматы «Таза Қазақстан» Президенттік бастамасына қатысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Экология және табиғи ресурстар министрлігінде атап өткендей, бағдарлама іске қосылғаннан бері еліміздің барлық елді мекендерінде 7 миллионнан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қоры аумақтарында миллиардтан астам көшет отырғызылды. Абаттандыру мәселелерін жедел шешу үшін TazaQazBot Telegram-боты іске қосылды. Ол арқылы 57 мыңнан астам өтініш өңделді. Ведомствоның хабарлауынша, бастаманың міндеті - қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыру, осы мақсатта экологиялық тәрбие ісіне ерекше назар аударылған.
Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:
- 1 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізілді, сондай-ақ 265 мектепке дейінгі білім беру мекемесіне «Жасыл балабақша» бағдарламасы енгізілді, ол біздің өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатты аялауға баулиды. Сондай-ақ, осы мақсатта Орта білім беру мектептерінде 560 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді.

