Астанада жастардың ел дамуындағы рөлі талқыланды

Астанада жастардың ел дамуындағы рөлі талқыланды

Астанада Президентің Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді іске асыруда жастардың рөлі талқыланды. Qazaq AI Research University-де отандық сарапшылар мен студенттер білім беру, технологиялар және жастардың кәсіби дамуына қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты. Ашық диалог алаңында студенттер  осы бағыттағы өз ойларын ортаға салды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз жолдауында бүгіннің басты қуаты – білім мен ғылымда, озық инновацияларда екенін, жаңа технологияларды терең меңгерген ел дамитынын алға тартты. Ол бұл ретте ұлтымыздың көшін алға бастай алатын отаншыл азаматтарға зор үмітпен қарайтынын жеткізді. Сондықтан цифрлық жаңғыруға ден қойған Қазақстан үшін мамандандырылған оқыту жүйесін жетілдіру аса маңызды.

Сапар Тоқсанов, Qazaq AI Research University ректоры:

 - Ең алдымен, Қазақстанға білікті кадрлар қажет. Біз қазіргі уақытта AI+X моделін дамытып келеміз. Оның жасанды интеллект бағыты логика, алгоритмдеу, математика, машиналық және терең оқытуды қамтиды. Ал X - салалық даярлық дегенді білдіреді. Президент осы жөнінде үнемі айтып жүр. Яғни, жасанды интеллектіні елдің түрлі салаларына жаппай енгізіп, бизнес-процестерді оңтайландыруға және цифрландыруға қабілетті мамандар даярлауымыз қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?