Орталық Азия елдері бірыңғай цифрлық кеңістік құруға ниетті

Орталық Азия елдері бірыңғай цифрлық кеңістік құруға ниетті

Орталық Азия елдері біріңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыруға мүдделі. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікместанның бизнес өкілдері мен сарапшылары бұл ниеттерін іске асыру үшін арнайы келісім жобасын әзірледі. Онда  электронды қолтаңбалар мен құжаттарды өзара тану, траншекаралық төлемдерді оңтайландыру және цифрлық сәйкестендіру жүйесін дамыту түйіткілдері қарастырылған. Сондай-ақ, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік және AI-ді реттеу тәсілдерін үйлестіру ұсынылып отыр. Бұл ретте бірыңғай реттеуші орган құру көзделмеген.  Әр мемлекеттің тиісті заңнамасы мен цифрлық егемендігіне қатысты дербестігі сақталады. Орталық Азия финтех қауымдастығының төрағасы Отабек Насиров өңірдің барлық 5 елінің үкіметтері келісім жобасын қарайтынын айтады.   


Отабек Насиров, Орталық Азия ФинТех қауымдастығының төрағасы:  


- Біз бес ел үшін қандай да бір мемлекетаралық бірыңғай орган немесе ортақ заңнама құруды ұсынып отырған жоқпыз. Бұл мүмкін емес әрі көп уақытты қажет етеді. Оның үстіне әр емлекеттің өз ұлттық мүддесі мен қауіпсіздік мәселелері бар. Сондықтан бұл келісімнің ерекшелігі – бес елдің заңнамаларын құрметтей отырып, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін өзге де тиімді тетіктер ұсынып отырмыз.  Яғни, өзара үйлесімділік тетігі. Осылайша, біз аймақтың барлық бес мемлекетінің заңнамасына елеулі өзгерістер енгізбей-ақ баршаға бірдей тиімді келісімге келуге мүмкіндік беретін ұсыныстар дайындадық.


Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азияның бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру технологиялық жобалар мен инвистиция тартуға тың серпін береді. Өйткені шетелдік бизенес үшін бұл 80 миллионнан астам тұрғыны бар ірі нарыққа шығуға жол ашады.  Сала мамандарының бағалауынша, мұндай цифрлық кеңістікті құру қысқа мерзімді перспективада тұтастай өңір елдерінің айтарлықтай ілгерілеуіне алып келеді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?