Қ.Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасын қабылдады

Қ.Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасын қабылдады

Қазақстан Президентіне мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысына жүргізілген аудиттің нәтижелері таныстырылды. Жоғары аудиторлық палата оның қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдады. Сонымен қатар Мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы баяндалды. Бұдан бөлек, Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысы туралы есеп берілді. Жиынға 19 елдің өкілі қатысқан. Мұндай форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?