Астанада жасанды интеллект дәуірінде еңбек құқықтарын қорғау талқыланды

Астанада жасанды интеллект дәуірінде еңбек құқықтарын қорғау талқыланды

Цифрлық құралдар Қазақстандағы жұмысшылар құқықтарын қорғауға көмектеседі. Айталық, еңбек тәуекелдерінің картасы кәсіпорындарды 23 көрсеткіш бойынша талдап, тәуекелдерді алдын ала анықтайды. Сонымен қатар, кәсіби қауіп-қатерді бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл құралдар Астанда өткен «Цифрлық еңбек және жасанды интеллект» Халықаралық форумында талқыланды. Бүгінгі таңда Қазақстанның Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде 7 млн-ға жуық шарт тіркелген. 2029 жылы Қазақстандағы толығымен қауіпсіз жұмыс орыны санатын 4 млн-ға жеткізу жоспарланған. Оны да цифрлық жүйе бақылайды. Жиын қатысушылары Қазақстанның еңбекті қорғау саласындағы жаңашылдықтарын халықаралық тәжірибеде қолдану және зияткерлік еңбек саласында трансшекаралық құқық механизмдерін қалыптастыруды талқылады. Цифрлық еңбек нарығын қорғаудың жалпы ережелері Астана үшпартиялық декларациясында бекітілмек. Ол мемлекеттің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың жауапкершілігін айқындайды.

Саранго Раднарагча, Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі:

- Бұл форумда сандық трансформация жағдайында жұмысшылардың құқықтарын қалай қорғау, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалану мәселесі талқыланады. Түрлі елдердің көптеген мысалдары бар, бірақ менің ойымша, Қазақстан да электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, сандық технологияларды пайдалану тұрғысынан өте жоғары позицияға ие. Менің ойымша, мұндай әлеуметтік диалог форматы мен халықаралық форумдар шын мәнінде қызметкерлердің құқықтарын қорғау үшін оңтайлы шешім табуға көмектеседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?