ОСК: таңғы сағат 10-да сайлаушылардың 17,96%-ы дауыс берді

ОСК: таңғы сағат 10-да сайлаушылардың 17,96%-ы дауыс берді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында дауыс беру белсенділігі бойынша алғашқы деректер жарияланды. Таңғы сағат 10-ға дейін бір палаталы Құрылтай сайлауында 2 миллион 264 мыңнан астам азамат дауыс берді. Елдегі сайлауға келу көрсеткіші 17,96%-ды құрады. Осылайша, әрбір бесінші сайлаушы таңдауын жасаған. Ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында, тұрғындардың шамамен, 23%-ы таңнан таңдауын жасаған. Қарағанды облысы - 21%-дан сәл асса, Жетісу облысында - 21%-ға жуық дауыс берілген. Астаналықтардың 17% -дан астамы белсенділік танытты. Дауыс беру құқығына 12 жарым миллионнан астам қазақстандық ие. Сайлау учаскелері жұмысын жалғастыруда және азаматтардың келу қарқыны бойынша ақпарат күні бойы жаңартылып отырады. Орталық сайлау комиссиясы келесі ресми мәліметтерді Астана уақыты бойынша 14:00-де жариялайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?