Астанада Cyber Steppe конференциясы басталды

Астанада Cyber Steppe конференциясы басталды

Қазақстандық ІТ-мамандар алаяқпен сөйлесуді модельдейтін интерактивті тренажер ойлап тапты. Ол арқылы азаматтар киберқауіпсіздік дағдыларын меңгере алады. Жоба Астанадағы Alem.ai орталығында өткен Cyber Steppe конференциясында таныстырылды. Жиын қатысушылары мемлекеттік жүйелердің кибертұрақтылығын, жасанды интеллекттің дамуынан туындайтын заманауи цифрлық қауіптерді, сондай-ақ сандық нарықтың сұранысын талқылады. Конференцияға 3 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Олар - мемлекет, бизнес, және IT қауымдастығының өкілдері. Мамандар интерактивті форматта шеберлік сабақтарын өткізіп, тұрғындарға цифрлық қауіпсіздіктің басты ережелерін түсіндірді.


Гүлдана Жұматай, Citizensec.Kz жобасының жетекшісі:

- Ең басты мақсатымыз бұл кибермәдениетті дамытуға әр адамның қандай үлесі бар екенін анықтау. Сонымен қоса, қазір Цифрлық Кодекс пайда болды. Және де ол жерде «киберқауіпсіздік» термині алғаш рет енгізілді. Ол дегеніміз, интернетте қалай өзіңді қорғауға болады, және қандай ақпаратты айтуға болады, қандай ақпарат айтуға болмайды. Бұл дағдыны тек қана оқытумен ғана емес, сонымен қоса интерактивті тренажер, яғни алаяқтармен араласу симмуляциясын жасайтын орта ойлап тапқан болатынбыз. Жақында eGov Mobile-да қолжетімді болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?