Астанада «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турнирі басталады

Астанада «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турнирі басталады

Астана әлемнің ең мықты спортшылары мен кибер-спортшыларын және Дота-2 жұлдыздарын жинады. Олар «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турниріне қатысу үшін Қазақстанның елордасына келді. Ол ертең басталып, 9 тамызға дейін жалғасады. Екі апта бойы бірегей жарыстарда әлемнің 50-ден астам елінен 800-ден астам қатысушы бақ сынайды. Биылғы турнирдің басты ерекшелігі - клубтық формат. Ғаламшардың жетекші киберспортшылары алдымен виртуалды кеңістікте, кейін нағыз спорт алаңдары - паркетте, татами мен футбол алаңдарында сайысқа түсіп, интернационалдық командаларға бірігеді. Жарыс Астананың 4 басты спорт аренасында өтеді. Бұдан бөлек, жүлде қоры 4,5 миллион доллардан асатын Болашақ ойындары аясында Phygital Summit өтеді. Оған 250-ге жуық шетелдік қонақ, оның ішінде шет мемлекеттердің үкімет мүшелері қатысады. Іс-шаралардың ауқымын және Астананың оларды өткізуге дайындығын арнайы баспасөз конференциясында Phygital International атқарушы директоры атап өтті.

Дэн Меркли, Phygital International бас атқарушы директоры:

- Мен 2024 жылдың желтоқсанында үміткер ретінде қарастырылған нысандарды аралап шықтым және олардың бүкіл әлемге көрсетіліп, жаһандық деңгейдегі іс-шараны қабылдауға дайын екендіктеріне, жоғары деңгейіне қатты таң қалдым. Қазір Астана мен сіздердің ұйымдастырушыларыңызды Болашақ ойындарын қабылдауға әбден лайық екенін көріп отырмыз. Және біз тамаша дайындық деңгейіне өте ризамыз әрі ұйымдастырушылар командасына толық сенімдіміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?