Астанада авиациялық қауіпсіздік апталығы өтуде

Астанада авиациялық қауіпсіздік апталығы өтуде

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік деңгейі ең жоғары 20 елдің қатарына кіреді. Халықаралық азаматтық авияция ұйымының аудит қорытындысы бойынша, еліміздің халықаралық стандарттарға сәйкестік көрсетікіші 95,7 пайызды құрады. Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары әрі Орталық Азиядағы үздік нәтижелердің бірі. Астанада алғаш рет өтіп жатқан ICAO авияциялық қауіпсіздік апталығында халықаралық сарапшылар тарапынан Қазақстанның жетістіктері жоғары бағаланды. Форумға 62 елден саланың мыңнан астам өкілі жиналды. Қазақстанға алғаш рет Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар келді. Оның айтуынша, авияциялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейі еліміздің халықаралық көлік торабы ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Хуан Карлос Саласар, ICAO бас хатшысы:

- Осындай жоғары деңгейдегі стандарттарды ұстану Қазақстанның Еуразия аумағындағы ірі жүк және жолаушы тасымалы торабы ретінде дамуына өте қолайлы жағдай жасайды деп айта аламын. Біз Қазақстанды осы жұымысты жалғастыруға шақырамыз. Бұл мәселені министрмен, вице-министрмен және Азаматтық авияция комитетінің төрағасымен талқыладым. Осы жоғары деңгейдегі стандарттарды сақтау ісінде ICAO Қазақстанмен ынтымақтастығын жалғастырады.

Қазақстан АҚШ – пен тікелей әуе қатынасын ашуға дайындық үстінде. Көлік министрлігінің мәліметінше, америкалық мамандар еліміздің азаматтық авияция жүйесіне аудит жүргізіп, алдын ала нәтиже бойынша жоғары баға берген. Ресми қорытынды қараша айында жарияланады. Министрлік жыл соңына дейін АҚШ авияциялық билігінің талаптарына сәйкестік расталады деп отыр. Бұл екі ел арасында 2027 жылы тікелей әуе рейсін ашуға мүмкіндік беретін маңызды белес болмақ.

Талғат Ластаев,  ҚР Көлік вице-министрі:

- Желтоқсан айында Dreamliner ұшағы келеді деп күтілуде. Бұл – осындай бағыттарға ұшуға қабілетті әуе кемесі. Оны пайдалана бастау үшін алдымен ұшақтың өзі белгілі бір ұшу сағаттарын жинақтауы керек. Сондай-ақ экипаж бен техникалық мамандар тиісті дайындықтан өтуі қажет. Осы талаптардың барлығы орындалса, келесі жылы тікелей рейс ашылады деп күтеміз. АҚШ аумағында Нью-Йорк қаласы қарастырылып отыр. Ал Қазақстан тарапынан басым бағыт – Астана болмақ.

Халықаралық  форумның басты тақырыбы – авияциялық қауіпсіздіктің болшағы. Сарапшылар АІ қолдану, цифрлық қорғаныс жүйелерін дамыту және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылауда. Әуе қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жаңа технологияларды енгізуге ерекше назар аударылған. Талқылау қорытындылары келесі жылы Монреаль қаласындағы ICAO штаб – пәтеріндегі конференцияда жарияланады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?