Астанада ғалымдар Алтын Орда мұрасын талқылады

Астанада ғалымдар Алтын Орда мұрасын талқылады

Алтын Орда мұрасы Орталық Азия халықтарының арасындағы байланысты нығайтуға негіз болады. Бұл тақырып Елордада халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды. Сарапшылар Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстанды, сондай-ақ Татарстан мен Башқұртстанды ортақ тарих пен мәдени құндылықтар біріктіретінін атап өтті. Жиында Жошы ұлысының мұрасы мен түркі мемлекеттілігі дәстүрін бүгінгі көзқараспен зерделеу мәселесіне назар аударылды. Сарапшылар Қазақстанның Алтын Орда өркениетінің ірі орталықтарының бірі әрі тарихи мұраны сақтаушы ел екенін айрықша атап өтті.

Мақсат Алпысбес, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алтын Орда өркениеті» кафедрасының меңгерушісі:

- Ұлы дала мемлекеті сонау Жошы ұлысынан бастау алатындығы біздің мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев та халықаралық Алтын Орда семпозиумында айтқан болатын. Бүгінгі Қазақстан Жошы ұлысының мәдени өркениеттік мұрагері. Сондықтан бүгінгі жиналып отырған конференцияда ғалымдар, тарихшылар, зерттеушілер олар осы Алтын Орда тарихы және қозғалысының үкіметінің тарихын қозғайтын болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?