Берлинде Қазақстан - Германия бизнес форумы өтті

Берлинде Қазақстан - Германия бизнес форумы өтті

Қазақстан мен Германия қарым-қатынасы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көпірге айналуда. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде өткен бизнес форумда айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, өнеркәсіп кооперациясы  қазақ-герман серіктестігінің маңызды бағыттарының бірі. Қазақстан германиялық компаниялармен станок, роботты техника, машина жасау, өндірісті цифрландыру салаларында ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сапар барысында отандық машина жасау саласының өнімдерін, соның ішінде неміс құрал-жабдығын қолдану арқылы шығарылған теміржол көлігі дөңгелегін Германия нарығына жеткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл мысалдар экономикалық байланыстарымыз алдағы уақытта қай бағытта дамитынын көрсетеді. Жекелеген табысты жобалармен шектелмей, өнеркәсіп саласындағы жүйелі серіктестікке көшкеніміз жөн. Еліміз осы мақсатта Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіп бастамасын қолға алуға әзір. Оның негізінде үздік жобалардың бірыңғай тізімі жасақталады.

Қазақстан Германиямен аса маңызды материалдар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект саласындағы әріптестікті күшейтуге ниетті. Еліміз сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды, оған  қажетті жабдықтарды Қазақстанның өзінде шығарып, одан әрі қарай Орталық Азия нарығына экспортауға бағытталған өндіріс жасақтауды ұсынды. Кадр даярлауға басымдық беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Германия өндірістік құзыреттер орталығының желісін құруды ұсынды. Олар озық инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен тікелей байланыста болмақ. Өз кезегінде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызына назар аударды. Оның айтуынша, сапар аясында қол қойылған көптеген екіжақты келісімдер Германияның Орталық Азиядағы сауда серіктесімен өзара тиімді іс-қимылды дамытуға ұмтылысын білдіреді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?