Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 29 млн тоннаға ұлғайтуға ниетті

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 29 млн тоннаға ұлғайтуға ниетті

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға ниетті. Осылайша, елімізде жұмыс істеп тұрған үш Мұнай Өңдеу Зауытының жалпы қуатын қазіргі 17 жарым млн. тоннадан 29 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Шымкенттегі зауыт 2030 жылға қарай өнімділігін екі есеге - 6-дан 12 миллион тоннаға дейін, Павлодар мұнай-химия зауыты - 6-дан 9 миллионға дейін артады, ал Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірісі  6 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, елімізде жаңа төртінші ірі Мұнай Өңдеу Зауытын салу мәселесі пысықталуда. Жалпы, ұзақ мерзімді перспективада елдің мұнай өңдеу қуаттылығына деген қажеттілік жылына 40 млн тоннаға жетуі мүмкін. Саланы дамыту мәселелері премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Олжас Бектенов жыл соңына дейін төртінші мұнай өңдеу кәсіпорнының негізгі параметрлерін белгілеуді тапсырды. Оның қуаты, орналасу орны, шикізат базасы мен экономикалық моделі нақтылануы тиіс. Бұл ретте қолданыстағы Мұнай Өңдеу Зауыттарын жаңғырту мерзімдеріне және ішкі нарықты қамтамасыз етуге баса назар аударылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?