Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың – «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты
таңдаулы сөздер мен ой-тұжырымдар жинағы зиялы қауым өкілдерінің оң бағасын
алып отыр. Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин 21 тақырыптық
бөлімнен тұратын жинақта әділетті мемлекет құру мен жаңа ұлттық сапаны
қалыптастыру, мемлекеттік басқару және заң үстемдігі, Абайдың «Толық адам»
іліміне сүйеніп қоғамдық жауапкершілік қағидатын айқындау мәселелері қамтылғанын
айтты. Жинақ 5 мың дана таралыммен шығып, Мемлекет басшысының 1994 жылдан
бергі, таңдаулы сөздері, баяндамалары, халықаралық мінберлердегі мәлімдемелері
мен архивтік материалдары топтастырылды.
Нұрлан Оразалин, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның
Еңбек сіңірген қайраткері:
- Замана талабына
сай, бүгінгі болып жатқан өзгерістерді түгел жүзеге асыру керек, - деген сөзді
сол алғашқы кезде айтқан. Сол айтқан сөздің негізінде қарап отырсаңыз, қазір
Орта Азиядағы жасанды интеллектіге қатысты ең озық орталық ашылды, Алатау дейтін.
Жасанды интеллекттің үлкен оқу орнын ашып жатыр. Ұрпақты тәрбиелеу деген сөз. Соның
бәрі осы кітаптың ішінде тиянақты түрде, жүйе жүйемен, 21 тарауға бөлініп
отырып жасалған екен.

