Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан
Қаринді қабылдады. Кездесуде жаңа лауазымның мемлекеттік басқару жүйесінде
ерекше мәнге ие екені аталып өтіліп, Вице-Президент алдына бірқатар нақты міндет
қойылды. Президент Ерлан Қаринге Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да
мемлекеттік органдармен байланыста өз атынан өкілдік етуді тапсырды. Сондай-ақ
мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Президенттің ұстанымын жеткізу
міндетін жүктеді.

