Қ.Тоқаев ШЫҰ саммиті аясында И.Әлиевпен кездесу өткізді

Қ.Тоқаев ШЫҰ саммиті аясында И.Әлиевпен кездесу өткізді

Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бішкектегі Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар, сондай-ақ көлік, логистика, энергетика және цифрландыру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Тараптар Қазақстандағы ауқымды саяси реформалар мен алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының нәтижесі жөнінде әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламенттің Әзербайжанның Милли Мәжілісімен белсенді жұмыс істеуге ниетті екенін айтты. Ильхам Әлиев өз кезегінде екі ел қарым-қатынастарының одақтастық сипатына тоқталып, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Кездесу соңында тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?