Мемлекет басшысы бүгін Атырау
облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы
әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер
туралы баяндалды. Президентке
облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы
саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы
жөнінде есеп берілді. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар
тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Ұлытау
облысының әкімі Есет Байкенді де қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі
инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, инженерлік желілерді жаңғырту
жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар
айтылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз
етуге және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма
берді.

