Қ.Тоқаев: Құрылтай сайлауы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Қ.Тоқаев: Құрылтай сайлауы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Халықаралық қауымдастық сайлау нәтижесін мойындап, саяси науқанның ұлттық заңнамаға және барлық талаптарға сай өткенін атап өтті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтты. Президент алғашқы Құрылтай сайлауы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына назар аударды. Ол осы істе Орталық сайлау комиссиясы үлкен рөл атқарғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Сайлау үдерісіне дұрыс шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы енгізілуде. Мұндай әдіс-тәсілдер науқанның сапасын арттыра түсті. Мемлекет басшысы бүгін бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылды. Сайлаушылар да бұл жұмыстан тыс қалған жоқ, олар әр мәселе бойынша өз пікірлерін ашық білдіріп отырды. Бұл үгіт-насихат кезінде болған ұлттық теледебаттардан, ақпарат алаңындағы ашық пікірталастардан анық байқалды. Осылайша, қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік және пікір алуандығы құндылықтары орнығып жатыр, жаңа саяси мәдениет қалыптасуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?