Аида Балаева Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып
тағайындалды. Бұған дейін ол Вице-Премьер – Мәдениет және ақпарат министрі
қызметін атқарған. Оны Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, Қауіпсіздік Кеңесі
Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық
қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз етумен айналысады.

