Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады. Жоғары мәртебелі меймандарға Ұйымға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы, салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасы таныстырылды. Түрікменстан павильонында жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сондай-ақ әдеби-сазды «Оғыздар» қойылымы көрсетілді. Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады. Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

