Түрікменстанда ахалтеке жылқыларына арналған кешен ашылды

Түрікменстанда ахалтеке жылқыларына арналған кешен ашылды

Түрікменстанда тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ел Президенттің ахалтеке жылқыларынның кешені ашылды. Ашхабад маңында орналасқан нысан 1200 сәйгүлікті күтіп-бағуға шақталған. Мұнда селекциялық зертханалар мен заманауи ветеринарлық клиника бар. Ал электронды жүйе аттардың күйін, қора-жайдағы микроклиматты және жемдеу кестесін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Кешенде жаттығулар мен жарыстарға арналған халықаралық стандарттарға сай жабық манеж, ашық арена су тренажерлері және бәйге өткізуге арналған жолдар қарастырылған. Мұнда асыл тұқымды жылқыларды мал азығымен қамтамасыз ету үшін жем-жөп егетін алқаптарға дейін бар. Кешеннің ашылу салтанатына Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, саяси және мәдениет қайраткерлері, дипломаттар қатысты. Салтанатты шара «Галкыныш» тобының шабандоздарының өнеріне, ат жарыстары мен түрікмен алабайларының көрмесі және мерекелік концертке ұласты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?