Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, педагог,
өмірін музыка мен сахнаға арнаған аяулы жан — Светлана Айтбаева туралы деректі
фильм.
Әнге деген
сүйіспеншілік, музыкаға деген құштарлық оның алғаш рет
сахнада өнер көрсетуінан басталады. Сол алғашқы сахна оның
болашақ тағдырын айқындады. Кәсіби сахна, филармония, гастрольдік сапарлар,
шығармашылық ізденіс пен ұстаздық қызмет оның өмірінің ажырамас бөлігіне
айналды.
Алайда Светлана
Айтбаеваның тарихы — тек әншінің өнер жолы ғана емес. Бұл — жан-жары Қанат Айтбаевпен бірге өнерді өмірінің өзегіне
айналдырған шығармашылық әулет қалыптастырған әйелдің тағдыры. Бұл отбасында
музыка бірнеше ұрпақтың өмірімен біте қайнасты.
Фильмде Светлана мен Қанат Айтбаевтардың қалай танысқаны, отбасылық өмірі, бала тәрбиесі, шығармашылық жолы және өнер адамының жаңа белестерге жетуіне отбасы қолдауының қаншалықты маңызды екені туралы әңгіме қозғалады.
Фильмде Димаш
Құдайбергеннің тағдырына да ерекше орын беріледі. Бүгінде оның ерекше таланты
Қазақстаннан тыс жерлерге де кеңінен танымал. Ал Светлана үшін ұлының жетістігі
— ең алдымен, ана бақыты. Сонымен қатар бұл — олардың отбасында әрдайым өмір
сүрген музыкаға деген махаббаттың жалғасы.
Бұл — сахна мен
отбасы, талант пен еңбек, өнерге деген сүйіспеншілік пен әйелдің ішкі күш-қуаты
туралы фильм.

