Шетелдік көшбасшылар көңіл айтты

Шетелдік көшбасшылар көңіл айтты

Халықаралық қоғамдастық Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанға қолдау білдіруде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген шетелдік әріптестеріне ризашылық білдірді. Әзербайжан мен Түркиядан да көңіл айту жеделхаттары жолданды. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары Ақтау жағалауындағы қайғылы оқиға туралы хабарды зор өкінішпен қабылдағанын айтып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдірді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйым және ТҮРКСОЙ Қазақстан халқына көңіл айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?