Сеулде бірінші «Орталық Азия - Корея Республикасы» саммиті өтті

Сеулде бірінші «Орталық Азия - Корея Республикасы» саммиті өтті

Сеулде бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті өтті. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Корея Республикасының Президенттері қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің ұйымдастырылуын тарихи оқиға деп адады. Өңір елдерінің диалогына осыдан жиырма жыл бұрын корей тарапы бастамашы болған. Бүгінде ықпалдастық форматы жоғары саяси деңгейге көтерілді. Мемлекет басшышы көпжақты серіктестікті дамытуға қатысты пікірін жеткізді. Ол сауда-экономикалық, көлік-логистика, энергетикалық, сондай-ақ цифрландыру мен аса маңызды минералдар салаларындағы ықпалдастықты басым бағыттар ретінде атады.  Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея» өнеркәсіп және технологиялық даму серіктестігін құруды ұсынды. Бұл тетік аясында елдер өндіріс локализациясына, технология трансферіне, өңірлік кооперацияны дамытуға және дайын өнімді үшінші елдер нарығына шығаруға ден қоя отырып, бірлескен жобалардың тізімін жасақтай алады. Сондай-ақ Қазақстан Президенті жастардың өзара байланысын, білім және мәдениет саласындағы ықпалдастықты кеңейтуге арналған бағдарлама қабылдауды ұсынды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?