Сарапшылар жаңа Құрылтайдың конституциялық реформадағы рөлін талқылады

Сарапшылар жаңа Құрылтайдың конституциялық реформадағы рөлін талқылады

Астанада өткен дөңгелек үстелде сарапшылар мен құқықтанушылар сайлау қорытындылары мен бір палаталы Құрылтай алдындағы міндеттерді талқылады. Парламентаризм институтында конституциялық реформа аясындағы жаңа депутаттық корпустың атқаруы тиіс жұмысы, оған жүктелген заңнамалық міндеттері талданды. Құрылтайда заңдарды әзірлеу сапасы ғана емес, депутаттардың өзара, және сарапшылар қоғамдастығымен іс-қимылы ерекше маңызға ие болады. Парламенттің өңірлермен байланысы және шешім шығару кезінде азаматтардың талап-тілегін ескеру қажеттігі туралы жеке әңгіме өрбіді. Бұл ретте өкілді органның жаңа құрамы бұған дейін де басталған жұмысты сәтті жалғастыруы тиіс. Бұрынғы парламент қарауына енгізілген бірқатар заң жобалары әлі аяқталмаған. Олар әлеуметтік және экономикалық салаларды қамтиды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа шақырылым бұрыннан қалыптасқан заңнамалық күн тәртібіне ие болады. Мәселелердің бір бөлігі заңдарға өзгерістер енгізуді талап етсе, басқаларын мемлекеттік бағдарламалар мен үкіметтің жұмысы арқылы шешуге болады.


Юлия Костяная, Парламентаризм институтының жеке заңнама орталығының басшысы:

- Қазір партиялардың назары өздерінің сайлауалды бағдарламасын қалай жүзеге асыратындығына аударылады. Бұл туралы Президент те атап өтті, қазір заңнаманың сапасына қарау керек. Және де заңдарды қабылдау жеделдігі артуы тиіс.  Сондықтан, Құрылтай депутаттары мен ондағы фракцияларға, әрине, бірінші кезекте, заңнаманың сапасына, сондай-ақ қоғамның пікіріне, қоғамның қажеттілігіне назар аудару қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?