Қазақстан технологиялық бизнес үшін тартымды орталыққа айналып келеді

Қазақстан технологиялық бизнес үшін тартымды орталыққа айналып келеді

Қазақстанның астанасы жаңа Дубай немесе Сингапур секілді технологиялар мен инновациялардың жаһандық орталықтарының біріне айналуы мүмкін. Кәсіпкер әрі венчурлік инвестор Баладжи Шринивасанның елорданың әлеуеті туралы пікірі осындай. Ол Network State конференциясында осылай деп мәлімдеді. Ауқымды жиынға әлемдік IT-индустрияның танымал өкілдері, ірі технологиялық компаниялардың негізін қалаушылар мен жетекші бизнес иелері қатысты. Кәсіпкердің пікірінше, Қазақстанда бұл мақсатқа жетуге қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Кең байтақ жер қойнауындағы энергетикалық қор және ауқымды құрылыс жүргізуге қолайлы жағдай шетелдік капиталды, технологиялық компаниялар мен білікті мамандарды тартуға жол ашады. Инвестор жасанды интеллект, цифрлық активтер мен стартаптарды болашағы зор бағыттар ретінде атады. Оның айтуынша, әңгіме жекелеген технологиялық компанияларды дамытумен ғана шектелмей, инновациялық бизнеске арналған тұтас қалалар салу да көзделіп отыр.

Баладжи Шринивасан, кәсіпкер, венчурлік инвестор, The Network State кітабының авторы:

- Сан-Францискода стартаптарға арналған инкубатор ашуға болады. Ал Қазақстан озық қанатқақты бастамаларға ашық ел.  Біз басқа елдердің үкіметтерімен де ынтымақтастық орнатуды көздеп отырмыз. Негізгі мақсатымыз – Астананы әлемнің түкпір-түкпірінен білікті мамандарды тарта алатын жаһандық технологиялық орталыққа айналдыру. Мұнда криптоактивтер де шығаруға болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?