Қазақстанда медицина саласындағы AI технологиялар әзірлемеден нақты қолданысқа көшіп, кеңінен ендіру кезеңіне өтті. Отандық MedTech саласының дамуы және отандық стартаптардың шетелдік нарыққа шығу мүмкіндігін Астанада өткен арнайы дөңгелек үстел барысында сарапшылар мен сала мамандары талқыланды. Басты назар AI жүйелерін енгізу мен сынақтан өткізуге, медициналық деректерге қолжетімділікке және оларды нарыққа шығару талаптарына аударылды. Сәтті жобалардың бірі – инсультті ерте анықтауға арналған отандық Cerebra AI жүйесі. Бүгінде ол Қазақстанның бірқатар медициналық орталығында қолданылады. Әзірлеушілердің айтуынша, технологияның арқасында науқас ауруханаға түскен сәттен емдеуді бастауға дейінгі уақыт үш есе қысқарған. Компания жүйені ел ішінде де, шетелде де қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде АҚШ-тың ірі медициналық тобымен стратегиялық келісім жасалған. Ынтымақтастық барысында платформаны дамыту және оның инсульт диагностикасына қатысты мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Қазір отандық жоба шетелдік нарыққа толыққанды шығу үшін барлық нормативтік рәсімдерден өтуде.
Досжан Жүсіпов, Cerebra AI компаниясының директоры және негізін қалаушы:
- Біз АҚШ-қа Өзбекстанға шықтық, әзірше сертификаттаудан өтеміз, дәлелдемелік база жинаймыз. Сертификаттаудан өткеннен кейін өнімімізді АҚШ нарығына сатылымға ұсынамыз. 2026 жылға дейін біз тек ми жарақатымен, инсультпен ғана айналыстық. Биылдан бастап ми онкологиясына, оның ішкі құрылымына қарай ойыстық және жүрекке, яғни эхокардиограммаға бейімделдік. Яғни, біз жасанды интеллекттің қолданыс аясын мультимодальдық шешімге айналдырудамыз.
Айдар Қасенов, ҚР ДСМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының орынбасары:
- Біздің АІ-компаниялар иесі беймәлім мәліметтерді қолданып, өз модельдерін жоғары дәлдікке баулуға тырысады. Осылайша, бұл өнімдердің дәлдігі жоғарылайды және дәрігерлерге ауру түрлерін зерттеуде елеулі көмек көрсетуі мүмкін. Осындай медициналық АІ жүйелері Араб Әмірлігіне, Сауд Арабиясына экспортталады.

