Қазақстандық өндірісті дамытуға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстандық өндірісті дамытуға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстан отандық өндірушілерді қолдауды одан әрі күшейтіп келеді. Негізгі мақсат – төл өндіріс көлемін арттыру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар құру және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бағытында бірқатар шараларды жүзеге асырды. Яғни, еліміздегі ішкі өндірісті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінде ол өндіріс ошақтарын дамытудың барлық кезеңін қамтиды. Оның ішінде жеңілдетілген қаржыландырудан бастап, ірі көлемдегі сатып алуларға дейінгі шаралар қарастырылған. Тек 2026 жылдың алғашқы 6 айында «Самұрық-Қазына» қоры отандық өндірушілермен жалпы құны 600 млрд теңгеге жуық 4 мыңға тарта келісімшарт жасасты. «Даму» қоры пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялап, несие бойынша кепілдік береді. Ал «Өрлеу» бағдарламасы кәсіпорындарға өндірісті жаңғыртуға және жаңа қуаттарды іске қосуға септеседі. 2024 жылдан бері жалпы құны 2 трлн теңгеге 10 мыңнан астам өнеркәсіптік жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?