Астанада «Al Jazeera Week» жобасының екінші маусымы басталды

Астанада «Al Jazeera Week»  жобасының екінші маусымы басталды

Қазақстанда Al Jazeera медиапталығы басталды. Халықаралық жоба осымен екінші рет ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. Оның аясында журналистика мамандығында оқитын отандық студенттер мен сала мамандарына Al Jazeera медиа институтының мамандары дәріс береді. Курс барысында тыңдаушылар деректер журналистикасы, цифрлық сторителлинг, журналистік зерттеу, мобильді журналистика, фактчекинг негіздерін меңгеріп, тәжірибе алмасады. Жалпы 100 сағатты қамтитын оқу бағдарламасын сәтті аяқтағандарға сертификат табысталады. Еске салайық, 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катарға сапары барысында бірқатар келісім жасалды. Олардың бірі Al Jazeera мен Президент телерадиокешені арасындағы келісім.


Еркежан Күнтуған, ҚР Президентінің Телерадиокешені директорының орынбасары:


- Президент телерадио кешеніні жыл сайын әлемнің ірі медиа басылымдары мен медиа құралдарымен бірге келісім жасайды және осы келісімнің барлығы тек біздің қызметкерлердің аясында ғана емес, осы MNU-дың студенттеріне де жалғастырсақ деген үмітіміз болды. Одан бұрын біз China Media groupe апталығын өткіздік. Яғни, әлемдік үздік БАҚ құралдары келіп, бір апта бойы біздің студенттерге және біздің медианың журналистеріне сабақ береді.


Айгүл Жамалова, MNU Халықаралық журналистика мектебінің деканы:


- Бұл тренингтің басты мақсаты – студенттерге Халықаралық журналистиканың кәсіби деңгейін көрсету. Сондықтан мұнда теория оқитын лекторлар емес, Al-Jazeera Халықаралық медиа желісінде жұмыс істейтін мамандар келеді. Олар бір апта бойы жеті бағыт бойынша студенттерге практикалық білім береді. Алғашқы күн танысуға арналса, кейінгі күндері студенттер топпен немесе жеке жұмыс істеп, өз жобаларын әзірлейді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?