Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдің дамуы үшін ерекше мәнге ие

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдің дамуы үшін ерекше мәнге ие

Қазақстанның жаңа саяси жүйесіндегі Құрылтай алдында аса жоғары талаптар тұр. Халықаралық сарапшы Шерадил Бактыгулов заңнамалық орган жұмысының тиімділігі көп жағдайда депутаттық корпус құрамына байланысты болатынын атап өтті. Қабылданатын заңдардың сапасы, мемлекеттiк басқарудың нәтижелiлiгi және атқарушы билiк жұмысын пәрмендi бақылау оның кәсiби даярлығының жоғары деңгейi мен құзыреттiлiгiне байланысты.


Шерадил Бактыгулов, Әлемдік саясат институтының директоры:


- Сондықтан, билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимыл, шын мәнісінде, осы Құрылтай депутаттарының сапасына байланысты, біз, әрине, заң жобалары мен шешімдердің Қазақстанның мемлекеттік басқаруының жоғары сатысында қандай сапада қабылданатынын жіті қадағалайтын боламыз.


Естеріңізге сала кетейік, Құрылтайға сайлау Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енген соң өткелі жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл сайлау елдің өкілетті билігінің жаңа жүйесін қалыптастыруды аяқтайды. Дауыс беру партиялық тізімдер бойынша өтеді. Мұндай формат партиялардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырып, заңнамалық органда қоғам мүддесін кеңінен қорғауға мүмкіндік береді. Бұл ретте соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері 23 тамызда өтетін дауыс беруге қазақстандықтардың жоғары қызығушылығын айғақтайды.


Дидар Тебаев, ҚҚДИ Институционалдық талдау және реформалар орталығының сарапшы-консультанты:

- Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, азаматтардың 70 пайыздан астамы сайлауға қатысуға дайын, аға буын сайлауға қатысуға жоғары қызығушылық танытып отыр, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қазақстандықтар қоғамдық-саяси жағдайды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?