«Авиация – менің өмірім» — ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның кәсіби жолы мен өмірі туралы деректі фильм.
Салтанат Томпиева еңбек жолын 21 жасында Азаматтық авиация комитетінде жетекші маман болып бастады. Көп жылдық кәсіби жолында ол маманнан бөлім басшысына, басқарма басшысына, төраға орынбасарына дейінгі барлық қызметтік сатылардан өтті. Бүгінде ол Қазақстанның азаматтық авиация саласын басқарады.
Оның кәсіби жетістіктерінің артында күрделі саладағы үлкен еңбегі, маңдай тері жатыр. Жауапкершілік, күн сайын шешім қабылдау, тәулік бойы жұмыс істеу, халықаралық жобалар және Қазақстан авиациясын дамыту — оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Оның ата-анасы, қызы мен әріптестері кәсіби жауапкершілік пен көшбасшылықты отбасыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра білетін жан ретінде сипаттайды.
Фильмде оның азаматтық авиация саласында әйелдердің рөлін арттыруға және жастарды осы салада еңбек етуге ынталандыруға бағытталған жұмысына да ерекше назар аударылады. Бүгінде Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы қызметкерлердің шамамен 40 пайызы — әйелдер.
Бұл — мамандықтың өмірлік миссияға айналғаны туралы хикая. Биіктікті таңдаған әйел туралы. Қазақстан аспанында бейбіт әрі ашық аспан орнасын деген арман туралы.

