Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық және
дауыс беру кезеңін халықаралық ұйымдар мен өзге мемлекеттердің 250-ден астам
өкілі бақылайтын болады. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жақында тағы
155 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Олар 9 мемлекет пен 4 халықаралық
ұйымның өкілдері. Байқаушылар қатарында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық
Ұйымы мен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы, сондай-ақ ТМД Парламентаралық
ассамблеясы мен бақылаушылар миссиялары бар. Бұдан бөлек, Ресей, Әзірбайжан,
Армения, Иордания, Қырғызстан, Молдова, Мьянма, Румыния және Украина өкілдері
аккредиттелді. Орталық сайлау комиссиясы атап өткендей, соңғы деректер
аккредиттеу бойынша өтінімдердің келіп түсуіне қарай жаңарып отырады.
Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының
орынбасары:
- Мысалға, көрсетілген миссиялардың құрамында барлығы
қазіргі біз 74 депутатты көріп жатырмыз. Олар 29 елдің атынан бізге келіп,
қатысайын деп отыр. Атап айтсақ, Австрия, Албания, Азербайджан, Беларусь, Бельгия,
Босния және Герцоговина, Германия, Испания, Италия, Кырғызстан, Латвия,
Люксембург. Мажарстан, Нидерланд.

