Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында бірқатар құжатқа қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында бірқатар құжатқа қол қойылды

Былтыр Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері ішіндегі тауар айналымы 95 млрд долларды құрады. Биыл бұл көрсеткіш 7% астам өсіп, 102 млрд долларға дейін жетеді деп күтілуде. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында осылай деді. Жиында одақтың ішкі нарығын одан әрі дамыту, цифрлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері қаралды. Олжас Бектенов қазіргі сыртқы сын-қатерлер жағдайында экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңызы арта түскенін атап өтті. Бұған отырыс қорытындысы бойынша қол қойылған 6 құжат тың серпін бермек. Олардың ішінде одақтағы тауарлардың электрондық саудасы туралы келісім бар. 

Жанел Күшікова, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:

  - Бұл отырыста маңызды құжаттар қабылданды, соның ең негізгілерінің бірі – броккерлер мен диллерлерге қатысты. Бұл келісім ұйымға мүше мемлекеттерде қаржылық нарықты қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр. Яғни, бұдан былай брокерлер мен диллерлер Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне мүше мемлекеттерде де жұмыс істей алады деген сөз.

Қазақстандық тарап одақ аясында тамақ өнімдерінің жеткізілуіне кешенді мониторинг жүргізудің орынды екенін атап өтті. Бұл салада еліміздің экспорттық әлеуеті артқан. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мал және өсімдік тектес өнімдерді, сондай-ақ дайын азық-түлік тауарларын жеткізу көлемі шамамен 7 млрд долларды құрады. Оның тең жартысы қайта өңделген өнімге тиесілі. Әсіресе, бидай экспорттың үлесі үлкен. 

Назгүл Хатепова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:     

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз 25,9 млн тонна астық дақылдарын өндірген болатынбыз. Соның арқасында әлем бойынша үздік ондықтың қатарына кірдік бидай экспорты бойынша. Жалпы біз ЕАЭО шеңберінде  дәнді дақылдар, майлы дақылдар, ұн, макорон өнімдері сияқты негізгі азық-түлік тауарларын жеткізуші елдердің қатарына жатамыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?