Омбыда Қазақстан Президенті екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға тағзым етті

Омбыда Қазақстан Президенті екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға тағзым етті

25 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Омбыға барып, Қазақстан мен Ресейдің 22-ші өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Қазақстан Президенті соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыс боздақтарына тағзым етті. Мекемеде 1941 жылғы шілдеден бастап соғыста жараланған 150 мыңға жуық жауынгер емделген. Олардың арасында Мемлекет басшысының әкесі Кемел Тоқаев та болды. Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев госпитальдің құрылу тарихымен және қызметімен танысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?