Қазақстан инфрақұрылымды жаңғыртуға 13 трлн теңге бағыттайды

Қазақстан инфрақұрылымды жаңғыртуға 13 трлн теңге бағыттайды

2029 жылға дейін Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға 13 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев хабарлады. Жоба 5 жылға есептелген. Осы уақыт ішінде елімізде 80 мың шақырымнан астам инженерлік желі ауыстырылып, 30-ға жуық энергетикалық нысан салынады, әрі жаңа генерация нысандары іске қосылады. Бұл тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігін арттыруға, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және заманауи коммуналдық инфрақұрылым жасақтауға мүмкіндік береді.

Асан Дарбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Ұлттық жобаны іске асыруға жеке және шетелдік капитал тартылды. 2026 жылға мақұлданған қарыз қаражатының жалпы көлемі 625 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 6 жетекші халықаралық қаржы институты қарастырылған. Бұл шаралар «ұзақ мерзімді және төмен құны бар» қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді.  

Биыл елімізде тек Ұлттық жоба аясында 12 мың шақырым жылу, су және электр желілері жаңғыртылады. Бұл жұмыстарға 1 трлн астам теңге бөлінді. Тұтастай алғанда, 2029 жылға қарай мемлекет 77 жарым мың километр электр және бір жарым мыңнан астам жылу желілерін жаңғыртуға ниетті. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлттық жобаны уақтылы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қажетті нормативтік құқықтық база толығымен қабылданды, инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктері айқындалды. Өңірлерде ауқымды жөндеу жұмыстары басталды. Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге уақтылы қол жеткізу үшін инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын не только сақтап, но и одан әрі арттырып түсу қажет.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?