Құрылтай сайлауын 777 шетелдік байқаушы бақылайды

Құрылтай сайлауын 777 шетелдік байқаушы бақылайды

Құрылтай сайлауын 42 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның атынан 777 шетелдік байқаушы бақылайды. Олардың қатарында 138 шетелдік парламент депутаты бар. Байқаушыларды тіркеуге өтінім қабылдау кеше аяқталды. Ал бүгін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында оның қорытындысы шығарылды. Комиссия өкілдері шетелдік байқаушылар санының көп болуы халықаралық қауымдастықтың алдағы Құрылтай сайлауына деген жоғары қызығушылығын көрсететінін атап өтті. Бұдан бөлек, дауыс беру үрдісін 22 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері де қадағалайды. Олардың қатарында 11 шетелдік сайлау комиссиясының төрағасы бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?