Петропавлда «Хроникадан болашаққа» кинолекторийі өтті

Петропавлда «Хроникадан болашаққа» кинолекторийі өтті

Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған «Хроникадан болашаққа» атты кинокеруен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына бірден төрт деректі фильм ұсынды. Бірінші күні көрермендер Каспий теңізі аралдарының бірінде ұзақ жылдар бойы гидрометеорологиялық станцияны басқарған қазақстандық Петр Лупенко туралы «Құлалы аралындағы адам» фильмін, және «Апорт» картиналарын тамашалады. Көрсетілімдер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Еске салайық, республикалық кинолекторий еліміздің 20 қаласында өтуде. Жоба мамыр айында Астанада басталып, қыркүйекте Алматыда аяқталады.


Жанат Мұхамеджанов, Петропавл қаласының тұрғыны:

- 30 жыл бойы жалғыз өзі аралда тұруы бұл адамның өзінің ісіне деген, еңбегіне деген адалдығы. Петр мырзаның айтуы бойынша баяғыдай Каспий аралында қыс болмайды екен. Бұрын теңіз қатушы еді дейді. Бүгінгі күні ондай құбылыстар болмайды. Яғни климаттың жылынуын біз өзіміздің өңірімізде де сезініп отырмыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?