Қазақстан мен Қытай Silk Way Star музыкалық жобасының екінші маусымын іске қосуда

Қазақстан мен Қытай Silk Way Star музыкалық жобасының екінші маусымын іске қосуда

Silk Way Star халықаралық музыкалық жобасының екінші маусымы басталады. Қазақстан Президенті телерадиокешені мен China Media Group-тың бірлескен жобасы Қытайдың Иу қаласында түсірілмек. Сахнада 12 елдің қатысушылары өнер көрсетеді. Осы маусымда формат өзгерді - әртістердің ешқайсысы жарыс жолынан шығып қалмайды. Олар барлық он шығарылымға қатысады, ал жеңімпаз маусымда жинаған баллдарының жалпы сомасы бойынша анықталады. Әр шығарылымда «Эпизод жұлдызы» таңдалады. Қазақстан намысын Рухия Байдукенова қорғайды. Ұйымдастырушылар шығармашылық шешімдерді құпия сақтап отыр. Көрермендер оларды эфирден көреді.


Рухия Байдүкенова, Silk Way Star жобасының қатысушысы, Қазақстан:


- Жалпы, жоба 10 турдан тұрады және мен де 10 түрлі жанрда ән саламын. Мен көбіне қазақ аспаптарының үнін қосамын - сыбызғы, домбыра, көмекей сазын естисіздер. Осындай ауқымды жобада елімізді таныстыру мен үшін үлкен мәртебе. Жобаның өзі қызықты және отандастарым мені қолдайды деп ойлаймын.


Хун Бин, Silk Way Star жобасының бас музыкалық директоры


- Байқауға Оңтүстік Африка, Бразилия және Жаңа Зеландия қатысуда, бұл Silk Way Star-ды шын мәнінде жаһандық оқиғаға айналдырады. Биылғы маусымның ерекшелігі осы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?